Намаз құлшылығы – Алланың адам баласына берген үлкен сыйы. Өйткені, күнәдан ұзақ жүре алматйын пенделер, осы құлшылық арқылы бойын тазартып, Жаратушысының мейіріміне ие болады. Мына үш уақыттан басқа, намазды кез-келген уақыттаоқуға болады. Ол үш уақыт жайлыУқба ибн Амир әл-Жуһени (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі (с.а.у.) үш уақытта бізге намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дәл тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және күн батуға бет алған уақытта». Фиқһ кітаптарда, бұл үш уақыт «намаздың мәкруһ уақыттары» деп келеді. Нақтырақ тоқталатын болсақ:
Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт.
Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биікте болған кезеңі. Бұл, бесінге 30 минуттай қалғанда басталып, бесін уақыты кіргенгедейін созылады.
Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі. Шамамен бұл күн батуға 40-45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта сол күннің тек екінті намазын мәкрүһ түрде оқуға болады. Бұл үш уақытта ешқандай қаза намазыоқылмайды. Бұл уақыттарда тиләуат сәждесі де жасалмайды. Тиләуат сәждесі жасай қалған күнде де, оны кейіннен қайтадан өтеу тиіс. Нәпіл намаз оқылса, оны кейіннен өтеу тиіс емес. Ол – мәкрүһ ретінде іске асады. Бұл уақытта намаз оқуға салынған тыйым – күнге табынғандарға ұқсамау үшін берілген.
Оңғар Хайриддинов
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің найб имамы