Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

127 383 сұраққа жауап берілді

0 732

27 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары жыл басынан бері еліміз бойынша 127 383 сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Пәтуа мамандары жеке кездесуде, телефон арқылы Call-орталыққа хабарласушыларға және әлеуметтік желі қолданушыларының сауалдарына жауап беріп келеді. Мәселен, биыл 28 345 сұраққа жеке кездесуде жауап берілсе, Діни ақпарат беру орталығының 8 71 72 33 30 30 нөміріне хабарласушылар 33 032, ал әлеуметтік желі қолданушыларының 66 006 сұрағына жауап берілген.

Сауалдардың 45%-ы ғибадат, 11%-ы отбасы, 7%-ы мүліктік қатынас, 7%-ы ақида, қалған 30%-ы әртүрлі тақырыптарға қатысты қойылған. Діни сұрақ-жауап ретінде әзірленген мақалалар fatua.kz (108 мақала) пен muftyat.kz (54 мақала) сайттарына және республикалық «Мұнара» газетіне (55 мақала) жарияланды.

Сондай-ақ шариғат және пәтуа мамандарына отбасы құқығына қатысты 313 өтініш келіп түссе, оның 277-сі тиісті шешімін тауып, қалған 36-ы әлі де қаралу үстінде. Сараптамаға 107 кітап келіп түссе, оның 100-іне оң, қалған 7-уіне теріс қорытынды берілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.