Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС ИМАМ ҮКІЖАН АПА СӘДУАҚАСҚЫЗЫНА СӘЛЕМ БЕРІП ҚАЙТТЫ (фото)

0 927

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Ислам дінінің ізгі амалдарының бірі – үлкенге ізгет және науқас адамның қалын сұрап, көңілін аулау. Міне осындай игі өнегені ту еткен, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов №1 қалалық ауырыханаға арнайы барып, Үкіжан апа Сәдуақасқызының көңілін сұрады.

Қазақстандағы Ислам діннің көркеюіне өлшеусіз еңбексіңірген дінқайреткері, қази Сәдуақас қажы Ғылманидың төл перзенті, бүгінде ғасыр жасап отырған сүйегі асыл, көргені мол кейуана Үкіжан апа қызметке жаңа тағайындалған Нұрлан Бекболатұлына өмірде көрген-түйгенін, әкесі Сәкен қалпенің (Сәдуақас ақсақал) дін жолындағы қажырлы істерін сыр шерте отырып, ақыл-кеңесін айтты. Сондай-ақ, имамды баласындай бауырына басып, ағынан жарылды, ақ батасын берді. Және қызметіне мол табыс тіледі.

Бұл күнде Елордалықтардың ең көп жүретін сауда орталықтарна жақын орналасқан мешіт Сәдуақас қажы Ғылмани қазидың атымен аталып келеді. Көп жылдар қазиятты басқарған дін ғұламасы осы мешітте өзі де қызмет атқарған болатын. Сондықтан бұл сәлем бере барудың жөні ерекше.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.