Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Әзірет Сұлтан» мешітінде ауыс-түйістер болды (ФОТО)

0 659

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бірқатар қызметтік тағайындаулар болды, – деп хабарлайды muslim.kz порталы.
Естеріңізде болса, өткен жұмада «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары Ғазиз Ахмет пен Нұрлан Рамазановтың басқа қызметке ауысқандығы жайлы хабарлаған болатынбыз. Еліміздің Бас мешітінде бірнеше жыл бойы жемісті еңбек атқарып келген қос имаммен бүгін арнайы қоштасу рәсімі өткізіліп, жамағат алдында құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығы бойынша Ғазиз Ахмет Тараз қаласының Бас имамы қызметіне тағайындалса, Нұрлан Рамазанов Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің Бас имамы қызметіне кірісті. Жамағатқа қос бірдей тағайындау бұйрығын республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин таныстырып өтіп, имамдарға жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі. Жамағат атынан арнайы алғыс білдіріп, қазақы дәстүрімізге орай иықтарына шапан жауып шығарып салды. Қазіргі таңда Мәскеу қаласында өтіп жатқан Халықаралық конференцияға аттанған ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының өкілі және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, ақ жол тіледі.

Сондай-ақ, Бас мүфти бұйрығымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалған Садырханов Жұманазар Өсерханұлын жамағатқа таныстырып өтті. Тәуелсіз еліміздің алғашқы әрі атақты қариларының бірі Жұманазар Өсерханұлының есімі мен еңбегі, қабілеті мен қызметі Елорда жамағатына кеңінен таныс. Білікті маманның Бас мешіттегі қызметіне сәттілік тілеп, абыройы арта беруіне тілектестігін жеткізді.

Айта кетейік, Жұманазар Өсерханұлы қасиетті Құран кәрімді 16 жасында жаттап, Түркияның Стамбул қаласындағы «Умрание А.М. Худайие» қорына қарасты медреседе оқып жүрген шағында қари атағына қол жеткізген.

1997 жылы елге оралған ол Алматыдағы Ислам институтында үш жыл білім жетілдіріп, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы қызметіне орналасады. 11 жыл бойы осы мешітте жемісті еңбек етіп келген ол «Аманқұл ата» медресесінде қосымша ұстаздық атқарып, 10-нан астам хафиз тәрбиелеп шығарған.

Үндістан, Малайзия, Ливия және Қырғызстандағы Құран хатым жарыстарында, Орта Азия бойынша екі рет 2 – орынға ие болған. Қазақстандағы Қарилар комиссиясының мүшесі.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.