Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Өткенге бір көз салсақ

0 1  407

Түрлі амалдарға байланысты дінімізден алыстаған   халқымыз   түрлі   қайғыға   душар болды.   Дінімізден   алыстаған   сайын   артта қалып,   әлсіздікке   ұшырады   да   соңында бодандық   халге   түсті.   Тап   осы   халде құдайсыздардың қатарына жолықты. Осылайша халқымыздың   бір   бөлігі   құдайсыздыққа   бет бұрды.   Міне,    осылардың   көмегімен   атеистер жұртымызда     діннің     бірде-бір     жұрнағы қалмауын   қалап,   осындай   жолға   барды.   Сол құдайсыздардың   кесірінен   мешіттер   ойран қылынды. Сол құдайсыздар тарапынан адамзат тарихында   бұрын-соңды   болмаған   сұмдықтар жасалды. Олардың бірденбір мақсаты Исламды жою еді.

Міне,   сондай   уақытта   да   халық арасынан   қолында   дінін   қолында   шоқ ұстағандай болып сақтап қалғандар да болды. Иә,   бұл   сүйікті   Пайғамбарымыздың   (с.ғ.с.) хадистерінде     келгендей:     «Егер     шоқты сақтайтын   болса,   қолдары   күйетін   еді,   егер қолдарын   сақтайтын   болса,   шоқты   жоғалтар еді».   Халық   арасынан   дінін   шоқ   ұстағандай сақтап   қалатын   адамдар   шықса   барлығымыз үшін   шарапат.   Иә,   сол   азаматтарымыз құдайсыздардың зұлымдығынан,     өлімнен қорықпай дінімізді сақтап қалған еді.

Әрине,   мұндай   халде   діни   ілімдерді толық игеру жайында сөз болу мүмкін емес еді.

Егер   әлдебіреу   хал-қадерінше   санаулы сүрелерді   жаттап   алып,   намаз   оқуды   игеріп алса,   соның   өзі   әлдеқандай   көрінер   еді. Осындай жағдайда дінімізді үйренбекші болған әрбір   кісі   қандай   ұстаз   тап   келсе   содан жасырын үйреніп, қолына қандай кітап түссе соны оқыр еді және дін дегені сол өзі оқыған нәрселер деп қана түсінетін еді.

Терең   оқып-үйренудің   мүмкіндігі   жоқ еді. Халық ішінде дініміз жайлы сөйлесудің өзі

үлкен   қылмыс   саналған   уақыттар   есімізден шыққан   жоқ.   Басқа   мұсылман   елдерімен байланыс үзілген, біз ол жақтарға бармайтын да, олар біздерге келмейтін де еді.

Халық   арасында   дінімізді   ұстап, намазын оқып, оразасын ұстап   жүргендер аз болғаны ащы ақиқат. Міне, сол аз кісілердің өзі көп   қиыншылықтармен   намаз   оқуды,   ораза тұтуды   үйренген   еді.   Халқымыз   тек   Ханафи мазһабы негізінде үйренер еді. Олар мұсылманшылықты танығаннан бері, оған иман келтіріп, амал   қыла   бастағаннан   бері   ғибадаттарды, шариғи   үкімдерді   міне,   осы   Әбу   Ханифа мазһабы бойынша үйреніп амал қылып келген.

Ғасырлар   бойы   сол   түрлі   шариғаттарға қарамай, мужтахид ғұламаларымыз тарапынан Құран Кәрім және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен   алып   қоғам   үшін   ыңғайластырып қойылған   фиқһи   мәселелер   тура   Исламның негізіне ұқсап қалған еді. Әсіресе, қиыншылық кездерде,   құдайсыздар   пәлекетіне   ұшырап

дінімізді   үйрену   қиындап   қалған   кездерде, мұхтасар   фиқһ   кітаптары   және   олардың негізімен   құрылған   ықшам   дәрістер   үлкен пайда беретін еді. Осы және осыған ұқсас басқа себептер     салдарынан     халқымыз     басқа мазһабтардағы   үкімдер   қандай   екенінен хабарсыз   қалды.   Олар   көпшілік   мұсылман халқы   қатарында   Ислам   шариғатын   Ханафи мазһабы   арқылы   үйреніп,   Ханафи  мазһабы бойынша өмір сүріп келді.

Ал,     ақида     мәселесінде     барлық мұсылмандар,   төрт   мазһабты   ұстанушылар

болып   «Ахли   сунна   уал   жамаға»   мазһабы ақидасын     бекем     ұстанатын.     Мужтахид имамдарымыз бір ауыздан Құран Кәрім және Пайғамбарымыздың   (с.ғ.с.)   сүннетіне   сүйене отырып   шығарған   ақида   мәселелеріне   итағат қылушы   еді.   Біреудің   ойына   бұдан   басқа нәрселер кіріп-шықпайтын.

Материал «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» кітабынан алынды

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.