Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мәшһүр Жүсіп: 30 күнгі Тарауықтың 30 пайдасы (қызықты дерек)

0 2  689

Ғұлама жазбаларындағы «Тарауық» намазы

Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.) «Кiмде-кiм Рамазан намазын (тарауықты) шын көңiлiмен сауабын Алладан күтiп оқыса, оның өткен күнәлары кешiрiледi» деп үмметтерiнiң сауабы мол намазды оқуға деген құлшынысын арттыруға тырысқан. Демек Тарауық намазы ғибадаттың шамшырағы болмақ.

Тарауық намазы құфтан намазынан кейін, уәжіп намазынан бұрын оқылады. Тарауық намазын оқу – ер және әйел адамдарға сүннет. Ер адамға жамағатпен оқу – сауап, бірақ жалғыз адам да оқи алады. Оқу тәртібі басқа сүннет намаздары сияқты оқылады, жамағат имамға ұйиды.

Тарауық оқудың қасиеті туралы Мәшһүр Жүсіп Көпеев «ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалиәйіс-саламның “Дуратил уағзин” кітабында былай деп жазылған» деп көрсетеді:

І-ші күні – тарауық намазын оқыған адамдар анасынан жаңа туғандай пәк болар.

2-ші күні – оқыған адамның ата-анасы жарылқанып, азаптан құтылар.

3-ші күні – ғаріптағы періштелер рақым етіп, дұға етер.

4-ші күні – Құран, Таурат, Зәбүр, Інжілді хатым қылғандай сауабы болар.

5-ші күні – Бәйтіл Мұхаддасқа, Мәдинаға барып намаз оқығандай сауабы бар.

6-шы күні – төртінші қат көктегі Бәйтіл Мағмұр мешітіне барып намаз оқығандай сауап болар.

7-ші күні – Перғауынды жеңген Мұса Пайғамбарға бергендей Алла Тағаланың әл-қуат жәрдемі бар.

8-ші күні – Ибраһимді оттан, судан, оқтан құтқарғандай Алла тағала барша пәледен, апаттан аман құтқарып, рақым қылар.

9-шы күні – Пайгамбарлармен бірге намаз оқығандай сауабы бар.

10-шы күні – барлық пасық болған істерден, күнәлардан аман сақталар.

11-ші күні – дүниеден өтеріңде рақым етті болып, өз иманын өзі айтып өтетіндей сауап жазылып, нәсіп болар.

12-ші күні – анасынан жаңа туғандай тазарады.

13-ші күні – машқарда жүз он төрт күндік айдай толар.

14-ші күні – оқыған адам қияметтке шөлдемейтін болар.

15-ші күні – барлық періштелер: “Тарауық оқыды деп куәлік етер, хиссабын жеңілдет”,-деп Алла Тағаладан өтініш сұрар.

16-шы күні – Ғаршы Күрсіде тұрған періштелер күнәсін жеңілдетер деп тілер.

17-ші күні – тамұқтан тәні аман болар, дәптеріне барлық істеген жақсылығы жазылар.

18-ші күні – Пайғамбарларға берілген сауапқа ортақ болар.

19-шы күні – бір періште хабар айтып, ата-анасы риза болар.

20-шы күні – тарауық оқыған адам Алла жолында соғыста өлген шәйіттердің қатарындағы дәрежедей сауапта болар.

21-ші күні – тарауықтан калмаған адамға жәнната арнайы үй салынады.

22-ші күні- қылғанға қиямет күні ешбір қайғы-қиындық болмайды.

23-ші күні – жұмақ ішінде жеке шаһар беріледі екен.

24-ші күні-окыған адамның тірлігіндегі дұғасы қабыл болады.

25-ші күні-қабір азабынан аман болар. Оның шарафатынан басқа бір адамның азабы жеңілдейді.

26-шы күні- тарауықтың түні бойы намаз оқығандай сауабы бар.

27-ші күні – оқыған жан үш мың жылдық сират көпірден найзағайдың отындай жылдам өтер.

28-ші күні – жұмақта дәрежелі орында болар.

29-шы күні – оқыған адамға хор қыздары тамақ әкеліп, кәусар ішкендей болады.

30-шы күні – тарауық намазын оқыған адамға Алла Тағала: “Ей, пенделерім, жеңдер жұмақтың жемістерінен, жуыныңдар, Сабағилден ішіңдер кәусардан. Мен – раббың, сендер – құлым», – демек.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.