Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ауызашар болмаса Хақтың разылығы бола ма?

0 1  936

 Ауызашар болмаса Хақтың разылығы бола ма?

Жауап: Бірде адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) немерелері Хасан мен Хусейін бүлдіршін шақтарында науқастанып қалады. Әзіреті Әли мен Фатима (р.а.) анамыз қос бөбегін қатты уайымдап, Хақ-Тағалаға дұға жасайды. Мейірімі шексіз Ұлы Жаратушы шынайы мүмин болған Әли мен Фатиманың (р.а.) дұға-тілегін қабыл алып, Хасан мен Хусейінге шипасын береді. Оның қарымтасы ретінде әзіреті Әли мен Фатима (р.а.) анамыз Хаққа шүкіршілік ретінде ораза ұстайды.

Олар әдепкі күні ауызашарға әзірлеген асқа «бисмилла» деп қол сала бергенде, есікті қағып, қайыршылар келеді. Тумысынан тіленшінің қолын қақпаған әзіреті Әли кешкі асты қайыршылырға ұсынады. Оразасын ашпастан келесі күнге ауыз бекітуге ниет етеді. Екінші күні де ауызашарға әзірлеген ас-ауқатты тағы да қайыр сұрап келген жоқ-жітікке береді. Бұл күні де аш-құрсақ күйі ауыз бекітуге ниет қылады. Үшінші кеште де алақан жайып келген тұтқынды есіркеп, ауызашарға дайындаған дәмді садақа етеді.

Іле-шала, салиқалы құлдарының жанқияр әрекетіне разы болған Жаббар Хақ мына аятты түсірген еді:

«Олар уәдесін орындады. Ұзақ әрі тоқтаусыз қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Алла тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде алғыс та, ештеңе күтпейміз», – деді. Осы себепті оларға Хақ тағала Тахур шарабын ішкізді» («Инсан» сүресі, 7-9, 21).

Мұхан Исахан
kazislam.kz 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.