«Саған өлім келгенше Раббыңа кұлшылық ет!» («Хижр» сүресі, 99-аят).Хазіреті Мәулана қандай жақсы айтқан: «Ұлым, әркімнің өлімі өзі түсіне байланысты, адамды Аллаға қауыштыратындығын ойламай, өлімнен жиіркенгендер үшін өлімге дұшпан болғандарға өлім қорқынышты бір дұшпан сияқты көрінеді. Өлімге дос болғ андардың алдынан дос сияқты шығады».
«Ей өлімнен қорқып, қашқан жан! Мәселенің негізін, сөздің шындығын қаласаң, сен негізінде өлімнен қорықпайсың, сен езіңнен қорқасың».
«Өйткені, өлім айнасынан көріп үркіп, қорыққан өлімнің бейнесі емес, өзіңнің жағымсыз керінісің. Сенің рухың бір ағаш сияқты. Өлім сол ағаштың жапырағы. Әр жапырақ ағаштың жынысына, түріне қарай болады…» Мінеки, құл осы дүниелік өмірінде менмендікті артқа тастап, рухында жасырылған періштелік сипаттар бағытындағы сатыларды асар болса, яғни «өлмей тұрып өлу» сырына қанық болса, елім-қиял жетпейтін ұлы Раббыға қауышудың қажетті бір қадамы болып көрінеді. Осылайша көптеген адамдардың қорқуына себеп болған өлім көңілде «Рәфиқи-Ағлаға», яғни «ең ұлы досқа» қауышу шаттығына айналады.
Қысқасы, бар мәселе – тамаша құл болып өмір сүру және де тамаша құл күйінде жан тапсыру. Өйткені Алла Тағаланың қалауы бойынша, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірінен үлгі алған, сыпайы, терең ойлы, нәзік, сезімтал жан болу. «Қандай жақсы жан!» ілтипатына бөлену тек Хақ Тағалаға көңіл беруге ынтығудың нәтижесінде болады. Осы иләһи сүйіспеншілікпен руханияттың басым халде болуы, көңілдің лас-кірден тазаруымен болады, сонда ғана ол көңілде Хақ күнінің нұры жарқырайды. Осы жағдайдың нәтижесінде, алған әрбір деміміз ақтық демге дайындық ретінде жалғасады.
материал «Ақтық дем» кітабынан алынды,
sunna.kz