Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мысырда халықаралық конференция басталды

0 173

Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында «Үшінші мыңжылдықтағы пәтуа беру және сын-қатерлер» тақырыбында халықаралық конференция басталды.

Конференция жұмысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Мысыр мемлекетінің Уақып істері министрі және Ислам істері жөніндегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы, профессор Мұхаммед Мұхтар Жұма, Мысыр мүфтиі Шауқи Ибраһим Аллам, әл-Азһар шейхының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Дуайни және әлемнің бірнеше елінен келген мүфтилер мен дін ғалымдары қатысуда.

Айта кетейік, Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің қолдауымен өтіп жатқан конференцияда 54 делегат баяндама жасайды. 200-ге жуық қонақ қатысып жатқан халықаралық басқосу екі күнге жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.