Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Ғылмани» мешіті: 10 мыңға жуық адамға дастарқан жайды (ФОТО)

0 1  883

Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қасиетті Қадір түнінің құрметіне орайластырылған іс-шаралардың ең алғашқысы ретінде 5 мыңға жуық адамға ауызашар берілді. Бүгінгі ауызашар бұрынғы ауызашарлардан өзгерек болды. Рамазан айы басталғалы күнделікті қалыптасқан үрдіс бойынша  мешіт ауласында арнайы орындарда ауызашар дастарқаны жайылды.

Қасиетті түнді Алла үйінде өткізуге ниеттенген елордалық мұсылмандар үшін ұлттық мәзірдегі ыстық тамақтар, су, құрма, салаттар т.б ас мәзірі дайындалды. Бүгінгі қасиетті кеште мешітке ағылған елордалықтардың қарасы жылдағыдан ерекше болды.

Ал, таңсәріде тағы да 5 мыңға жуық адамға сәресі дастарқаны жайылып, арнайы ас мәзірі таратылды.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.