Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда шәкірттері арасында футбол турнирі өтті

0 268

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Нұр-Сұлтан қаласы мешіттерінің шәкірттері арасында «Теңбіл доп» атты футбол турнирі өтті. Айтулы шараға ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі мен Ырыскелді қажы мешіті ұйытқы болып отыр.

Аталмыш турнир құлшылық ордасында дәріс алушы шәкірттер аралық ынтымақтастықты арттыру мен өзара салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған. Спорттық шараның ашылуына «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев пен Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары Ернар Тұрсынханұлы арнайы қатысты.

Елордамыздағы 12 мешіт арасындағы достық кездесуде «Әзірет Сұлтан мешітінің «Сұлтан» командасы топ жарып бас жүлдеге ие болды. Ал «Төлебай» мешітінің «Сұңқар» командасы II орынды иеленсе, «Әлжан ана» мешітінің құрамасы III орынды қанжығасына байлады. 

Жеңімпаз командалар төмендегі сыйлықтарға ие болды:

I орын – 50 мың теңге (кубок, медал);
II орын – 30 мың теңге, (кубок, медал);
III орын – 20 мың теңге, (кубок, медал);

Одан бөлек үздік өнер көрсеткен ойыншыларға үш номинация бойынша арнайы алғыс хаттар пен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. 

Арнайы номинацияға ие болған қатысушылар:

Боранбай Изембаев – «Үздік қақпашы» («Әлжан ана» мешіті);
Жандос Махан – «Үздік қорғаушы» («Төлебай» мешіті);
Тамерлан Меркенов – «Үздік шабуылшы» («Ғылмани» мешіті).

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.