Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Балалы болу үшін оқылатын таңдаулы дұғалар

0 1  694

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Ұрпақ сүю – кез-келген адам атаулының арманы. Алайда бала сүйдіру – тек қана Алла Тағаланың қалауымен болатын айрықша нығметтердің бірі. 

Ендеше, артынан өнегелі ұрпақ қалуын армандаған адам Алла Тағаланың құдіретіне сене отырып, үздіксіз сұрай беру керек.

Ұзақ уақыт ұрпақты бола алмаған ерлі-зайыптылар екеуі де күніне дұға етуді тоқтатпағаны жөн.

Құран аяттарында да көптеген дұғалар бар екені белгілі. Сондай дұғалардың бірнешеуі ұрпақ сұрауға қатысты. Біз төменде сондай дұғаларды оқу ұсынамыз. Әрдайым оқып, Алладан салихалы перзент сұрауға кеңес береміз.

   وَالَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا

Олар: «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!», – дейді («Фурқан» сүресі, 74-аят).

   رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ

«Раббым, маған жақсысынан салиқалы ұрпақ нәсіп ет!» («Саффат» сүресі, 100-аят).

   وَإِنِّي خِفْتُ الْمَوَالِيَ مِن وَرَائِي وَكَانَتِ امْرَأَتِي عَاقِرًا فَهَبْ لِي مِن لَّدُنكَ وَلِيًّا يَرِثُنِي وَيَرِثُ مِنْ آلِ يَعْقُوبَ  وَاجْعَلْهُ رَبِّ رَضِيًّا

«Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр!» «Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!» («Мәриям» сүресі, 5-6 аят).

   هُوَ الَّذِي خَلَقَكُم مِّن نَّفْسٍ وَاحِدَةٍ وَجَعَلَ مِنْهَا زَوْجَهَا لِيَسْكُنَ إِلَيْهَا ۖ فَلَمَّا تَغَشَّاهَا حَمَلَتْ حَمْلًا خَفِيفًا فَمَرَّتْ بِهِ ۖ فَلَمَّا أَثْقَلَت دَّعَوَا اللَّهَ رَبَّهُمَا لَئِنْ آتَيْتَنَا صَالِحًا لَّنَكُونَنَّ مِنَ الشَّاكِرِينَ

«Ол сондай Алла, сендерді бір-ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына жақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлаған кезде, Аллаға: «Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік» деп жалбарды» («Ағраф» сүресі, 189-аят).

Алла Тағала баршамызға қайырлы, берекелі һәм салихалы ұрпақ сыйлап, оның тек қана жақсылықтарын көруімізуімізге жазсын!

sunna.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.