Take a fresh look at your lifestyle.

Халық саны бір жылда 234 мың адамға көбейді

0 42

17 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«2019 жылғы 1 желтоқсанда еліміздегі халық саны 18 млн 611,1 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 10 млн 875,7 мың (58,4%), ауылдықтар – 7 млн 735,4 мың адам (41,6%)» делінген ведомство ақпаратында.

Таратылған мәліметке сәйкес, 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен.

Қарастырылған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан (61,7 мың адам), Алматы қалаларында (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) тіркелді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.