Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – ЖАМАҒАТ БЕРЕКЕСІ (ФОТО)

0 1  998

Астана. 22-наурыз. /Sunna.kz/ – Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде шығыс халықтарының және ұлтымыздың төл мейрамы Әз-Наурыз мерекесіне орай, бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ұлыстың ұлы күнін тамашалауға лек-легімен келген қалың қауым «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінінің ауласына тігілген алты қанат ақбоз үйге жиналып, наурыз көжеден дәм татты. Мешіт жанынан құрылған Аналар мектебі клубының ұйымдастыруымен, салт-дәстүр бойынша тұсукесер жасалды. Және өнерпаздар ұлттық аспартарда өнер көрсетті.

Аталмаш шара барысында Бас имам Нұрлан Рамазанов жамағатты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әз-Наурыз мейраманың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Ақсақал қариялар бата жасап, елімізге тыныштық, бейбітшілік тіледі. Шараның соңы ұлттық ойындармен жалғасты. Жылдағы үрдіс бойынша, асыл дінімізде саламатты өмір салтын жоққа шығармайтындығын жұртшылыққа насихаттай отырып, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіру мақсатында – «асық ату», «арқан тарту», «гир көтеру», «қол күрес» секілді бірқатар ұлттық спорт түрлерінен жамағат арасында сайыстар өтізілді.

Шараға мешіт қызметкерлері, жамағат және әуесқой спортшылар қатысып ұлттық спорт түрлері бойынша бақ сынастты. Жарыстың нәтижесінде жүлдегерлер арнаулы сыйлықтармен марапатталды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.