Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тегін такси қызметі қайта жалғасты (ФОТО)

0 123

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

1 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Тегін такси қызметі жұма күні де жалағасты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. 

Ауа-райы күрт құбылып, ақтүтек боран мен сақылдаған аяз құрсауына түскен Елорда халқы үшін өткен апталардағы ауыр күндер артта қалғандай. Көліктер кептеліске түсіп, жаяу жүргіншілер үшін қарға адым жер мұң болған боранды күндердің әлегі басылғанымен, әлі де қыс қаһары сейілер емес.

Осыған орай, ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты құлшылық ордалары «Ізгі қала тұрғындары» қайырымдылық акциясын осы аптада да жалғастыруды жөн санап отыр. Қасиетті жұма намазы алдында мешіт қызметкерлері мен жамағатынан құралған еріктілер тобы тағы да сауапқа толы сапарларын бастады. Айта кетейік, аталмыш акция ерікті азаматтардың ұсынысымен әлі де жалғаса түсетін болмақ.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.