Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Рухани жастар» қанатының жетекшісі жастармен кездесті (ВИДЕО)

0 148

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

14 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Рухани жастар» қанатының жетекшісі Махамбет Искандеров және ұйым мүшесі Ернат Мелсұлы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Qazaq English» орталығының директоры Ернат Мелсұлы жастарға дамудың төрт категориясын таныстырса, «Рухани жастар» қанатының жетекшісі Махамбет Искандеров уақытты тиімді пайдаланудың әдістерімен бөлісіп, студенттерге ұйым жұмысын таныстырды.

Сондай-ақ, Еуразия Ұлттық университетінен келген дінтану пәнінің мұғалімі Әлімқұлова Салтанат студенттерге әлеуметтік желіде кездесетін экстремистік көзқарастағы материалдардан сақ болуды ескертті.

Оқу орнының студенттері өздерін мазалаған сауалдарға жауап алып, өзара пікір алмасты.

Кеш соңында оқу орнының теолог маманы Ерғали Зайтханұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, өз ризашылығын білдірді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.