Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс онлайн мәжілісін өткізді (ФОТО)

0 177

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

17 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бүгін Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс онлайн мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов және Ғұламалар кеңесінің мүшелері қатысты.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы Ғұламалар кеңесінің мүшелерімен онлайн режимде пікір алмасты. Алматыдан онлайн мәжіліске Бас мүфти кеңесшісі Мұхаммед-Хұсейн Алсабеков, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, ұстаз Алау Әділбаев, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы қатысты.

Онлайн мәжілісте елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешіт жанындағы асханаларда өтетін ас-садақаларды кейінге шегеру, жамағатпен оқылатын намазға қатысты пәтуа шығару, т.б. мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Ғұламалар кеңесі жұма намазына қатысты пәтуа әзірленді. Пәтуа ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланды. Толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.