Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти үндеуіне үн қосты

0 141

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

2 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қасиетті жұма күні әдебиет, тарих, өнер, дін, журналистика, т.б. саладағы белгілі тұлғалар мен еліміздегі жалпы жамағат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Үндеуін қолдап, үн қосты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. 

Бас мүфти бастамасын қолдаған тұлғалар әлеуметтік желіде халықты игі іске үн қосуға шақырып, ізгі тілегін жолдады. Қоғамды истиғфар мен салауат айтуға шақырған ақындар мен журналистер өсиетті өлең жырларын жариялады.

Айта кетсек, кеше Бас мүфти еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барша мұсылман қауымын Аллаға дұға етіп, ең кемінде 100 истиғфар және ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға шақырып, арнайы Үндеу жолдады.

«Барша жамағатты осы үндеуді қолдап, еліміздің амандығын сұрап, жұқпалы дерттен тезірек айығу үшін 3 сәуір жұма күні, бесін намазынан кейін «100 истиғфар және 100 салауат» немесе одан да көбірек айтып, дұға жасауға шақырамыз. Жаратқан Алла халқымызға амандық берсін, науқас жандардың тезірек айығып кетуін және мешіттерімізге қайта қауышуды нәсіп етсін. Әмин!» делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ел мұсылмандарына жолдаған Үндеуінде.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.