Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Зекет» қоры өтініштерді онлайн түрде қабылдайды

0 156

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

30 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҚМДБ-ның «Зекет» қоры көмек сұрау турасындағы өтініштерді онлайн түрде қабылдауда. Электронды құжат қордың ресми zeket.online сайты арқылы қабылданады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Көмекке мұқтаж болған адам сайтқа кіріп, анкета толтырады. Берілген деректер қор базасында сақталып, пайдаланушы кезек тізіміне енгізіледі.

Онлайн өтінішті қиын жағдайға тап болған кез-келген өңір тұрғыны жібере алады. Кейін қабылданған өтініштер сараланып, жіберушінің мекен-жайына қарай «Зекет» қорының өңірдегі өкілдеріне жіберіледі. Көмек тізімге сәйкес көрсетілетіні ескертілді.

Сондай-ақ «Зекет» қоры тек шын мәнінде қиын жағдайда қалған жандардың өтініш жіберуін сұрайды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.