Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Кейбір жағдайларда шындықты жасыруға болады

0 628

Кейбір жағдайларда пайдасы болғандықтан шындықты жасыруға болады.Мысалы, күйеуі жұмыстан кешігіп келді делік, себебі жұмыстан кейін Алла Тағаланың разылығын іздеп, жағдайы нашар адамдарға азық-түлік апарған екен. Ниетіне рия жұқтырмас үшін, әйелінен шындықты жасырып, бүгін көп жұмыс болды деп жауап беруі өтірікке жатпайды, өйткені жұмыстан кейін істегені де жұмысқа жатады.

Ерлі-зайыптылардың қызғанышы күшті болған жағдайларда, осындай тәсілдерге сүйенбесе болмайды, алайда оны көп қолдануға да болмайды, өйткені ол өтірік болмағанымен, адамды өтірік айтуға жақындатуы мүмкін.

Үмму Күлсім, (Алла Тағала оған разы болсын) пайғамбарымыздың (алайһи ассолату уа ассалам) үш жағдайда ғана өтірік айтуға рұқсат бергенін естідім, – дейді ол, «Екі адамның арасын жарастыру үшін өтірік айтқан адам, соғыс майданы қажет етіп өтірік айтқан адам, ер адамның әйеліне айтуы және әйелдің күйеуіне айтуы».

Әрине, адамдардың арасын жарастыру үшін, немесе қауіпті кетіру үшін, немесе ерлі- зайыптылар бір-бірінің көңілін көтеріп, жүректеріне қуаныш ұялатуы үшін жақсылықты асырып, жаманшылықты жасырып өтірік айтудың пайдасы – өте мол, хадистегі рұқсаттың да көздейтіні – осы. Мысалы, күйеуі әйеліне: «Тамағың қандай дәмді, мұндай тамақты ешқашан жеген емеспін» – деуі әйеліне ұнап жатса, неге оны айтпасқа? Сондай-ақ бұл тәсілді аса қажет болмаса, әрдайым қолдана беруге болмайды. Ал енді өтіріктің пайдасынан гөрі зияны басым болса, онда оны үзілді-кесілді тоқтату қажет.

материал «Отбасына бақытына апаратын жол» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.