Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мүфтият Мақтааралға 10 млн теңге қаржы аударды (ФОТО)

0 16

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

18 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Түркістан облысының Мақтаарал ауданына келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті жұртшылыққа көмек ретінде 10 млн теңгенің сертификатын табыстады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» дейді. Біз сіздерге облыстағы мешіттердің қолдауымен азық-түлік тиелген жүк көлігімен келдік. Жуырда «Зекет» қорының ұйымдастыруымен, облыстағы мешіттердің атсалысуымен 10 миллион теңге қаржылай көмекті «Түркістан корпоративтік әлеуметтік даму қорына» аудардық. Қайырымдылық істің басы-қасында жүрген «Зекет» қорының өкілдеріне, барша дін қызметкеріне, жекелеген азаматтарға алғыс айтамын. Алла бұл сынақты жақсылыққа ұластырғай» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти мақтааралдық ағайын үшін арнайы дұға жасады. ҚМДБ «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың айтуынша, игі іске аймақтағы қор өкілдері мен имамдар атсалысқан.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.