Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Абай: Ниет қыла білмейді

0 618

Мен жасымнан көп көрдім,

Мұсылманды, кәпірді.

Абыралыдай көрмедім ,

Намаз білмес пақырды.

Қмраәтін оқытып,

Көріп едім, шатылды.

Ниет қыла білмейді,

Не қылады нәпілді.

 

Намазшамның артынан,

Құржың-құржың етеді.

Жерұшық берген адамдай,

Тоңқаңдай ма не етеді.

Нәпіл түгіл, намазы,

Бәрі желге кетеді.

 

“Еннатайна кәлкаусар”

Пашол дереу, күнәкар.

Аяғын ойлап айтқаны,

“Әні-шәні күләптәр”.

Осы оқумен намаздың,

Қай жерінде сауап бар.

Тегін ойлап қарасаң,

Мұнда ми жоқ, құлақ бар.

“Абай” академиялық жинағы І том.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.