Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мүфтияттың гуманитарлық көмегі жеткізілді (ФОТО)

0 50

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

19 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz –ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен Түркістан облысы, Төлеби ауданында су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов пен Еңбекші ауданының бас имамы Еркебұлан Қарақұловтар қатысты.

Игі шара барысында Бақдәулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізіп, сабырға шақырды.

Өз кезегінде аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұмабай Әбдиев және аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Қуанышбек Қансейтов мырзалар күтіп алып, шынайы алғыстарын жеткізді.

  1. Айта кету керек, төлебилік ағайындарға 15 тонна азық-түлік, киім-кешек және қажетті тұрмыстық заттар жеткізілді. 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.