Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мәжіліс төрағасы ораза айт мерекесімен құттықтады

0 29

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады.

«Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. «Он екі айдың сұлтаны» саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын!

Ораза айт мерекесі – ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді. Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке.

Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» делінген құттықтау хатында.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.