Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти қуғын-сүргін құрбандары үшін дұға жасады (ФОТО)

0 43

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

31 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол қалашығында орналасқан «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешенінде болып, боздақтарды еске алып, дұға жасады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Сонымен қатар Бас мүфти бұйрығымен еліміз бойынша барлық мешітте бесін намазынан кейін елдің ертеңі үшін шейіт болғандарға дұға жасалып, Құран бағышталды.

Айта кетсек, бүгін, яғни 31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.