Жұма, 2 қазан 2026 ж. 21 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:45
Күн 06:11
Бесін 12:09
Ақшам 17:55
Құптан 19:21
Жаңалықтар

БАС МҮФТИ – ЕЖЕЛГІ САРАЙШЫҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА (ФОТО)

16 сәу 2018 4 693 рет оқылды
БАС МҮФТИ – ЕЖЕЛГІ САРАЙШЫҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА (ФОТО)
Қазақстанмұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық қалашығында болып, мұражайдағы тарихи жәдігерлермен танысты, - деп хабарлайды  ҚМДБ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ұлы дала төсіндегі Ислам» жобасы аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінен тарихи көрме-мұражай ашу жоспарлануда.

«Исламды тарихымызбен сабақтастырып түсіндіру – аса маңызды жұмыс. Өйткені, біз кеше ғана мұсылман болған халық емеспіз. Қарға тамырлы қазақтың Ислам дінін жүрек қалауымен қабылдағанына сан ғасырлық тарихи жазбалар мен жәдігерлер дәлел», – деді Серікбай қажы Ораз.

Сарайшық мұражайын аралаған Бас мүфти естелік кітабына ізгі тілегін жазып қалдырды.