Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти: Имамның әр сәті – жауапкершілік

0 71

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

4 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысындағы имамдарға берген дәрісінде осылай деді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі

«Зияткер имам келбеті» тақырыбында өрбіген дәрісте Бас мүфти дін қызметкерінің жауапкершілігіне тоқталды.

«Имамның әр сәті – жауапкершілік. Үйде, қызметте, қоғамдық ортада, т.б. жерде жүрсек те халық дін қызметкерінен әдеп пен көркем мінез-құлықты күтеді. Өйткені біз Алланың аманатын арқалап жүрген жанбыз. Халықты имандылыққа үндейтін имамның бойында ізгілік құндылықтары үнемі көрініс тауып отыруы тиіс. Өзара ұйымдасып дінге, халыққа қызмет етуде ыждаһат танытып, белсенді болыңыздар. Халыққа қызмет етуден асқан ғазиз нәрсе жоқ. Адамның алғысын алған пенде Алланың да ризалығына бөленеді. Баршаңызды жұртқа жақсылық жасауда өзара жарысуға шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар Бас мүфти өз дәрісінде дін қызметкерлерін әлеуметтік желінің әлеуеті мен игілігін тиімді пайдалануға үндеді. Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы маңғыстаулық имамдарға нақты тапсырмалар берді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.