Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти аяулы Үкіжан ананың қазасына байланысты көңіл айтты (ФОТО)

0 116

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

9 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ұлтымыздың аяулы анасы, әйгілі Садуақас қажы Ғылманидың перзенті Үкіжан (Мүмина) апаның қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«97 жасында бақиға озған Үкіжан (Мүмина) апа туралы қайғылы хабар менің де жаныма батты. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның туыстарына көңіл айтамын. Әйгілі ғұлама, қази Садуақас қажы Ғылманидың перзенті Үкіжан апаның әке мұрасына деген жанашырлығы, аманатқа адалдығы, жеке басының тақуалығы мен тұлғасы баршамызға үлгі болатын. Алла Тағала апамызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Әмин» делінген Бас мүфидің көңіл айту жеделхатында.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.