Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Зейін» клубында оқырмандарымен кездесу өтті

0 266

«Зейін» оқырмандар клубы ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбековтің «Иман негіздері» кітабын талқылады.

Оқырмандар алаңына еңбек авторы Смайыл Сейтбековтің өзі келіп, кітап мазмұнын баяндап берді.

«Иман негіздері» еліміздегі мұсылмандардың рухани шамшырағы, діни таным-түсінігі енді ғана қалыптасып келе жатқан көпшіліктің сенім, ақида мәселесіндегі әліппесі іспетті. Діни сауатын арттыруға ынталы қалың жұртшылықтың қажетіне жарап тұрған кітап бұдан он бес жыл бұрын алғаш рет басылыпты. Ал жуырда ғана екінші рет жаңа дизайнмен жарық көрді.

Кітаптағы иман негіздері жөнінде автор кеңінен тоқталып, «Зейін» оқырмандарының сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ кездесу соңында Смайыл Сүйерқұлұлы аталмыш кітапты қолтаңбасын қойып, оқырмандарға табыс етті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.