Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Жаңалықтар

Емге жиналған қаражаттың сертификаты табысталды

21 ақп 2022 954 рет оқылды
Емге жиналған қаражаттың сертификаты табысталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына жұмыс сапарында «Науан Хазірет» мешітінің ұйытқы болуымен науқастың еміне жиналған 20 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Бұл қаражат қазіргі таңда Түркияда емделіп жатқан Целиноград ауданына қарасты Софиевка ауылдық мешітінің ұстазы Надира Бекебаеваның отбасына берілді.

Жамағат мешіт ұстазының еміне қаражатты он екі күн ішінде жинап бергенін ерекше атай кеткен жөн.