Бақытты болуы жолдары
Иман етіп, Алланың алдындағы міндетті толық орындау, қамшының сабындай қысқа ғұмырымызды әрі ақырет өмірімізді бақытты етеді.
Алла Тағала «Нахыл» сүресінің 97- аятында:
«Ер немесе әйел иман еткен бойда ізгі іс істесе, олар үшін жақсы өмір дайындаймыз», - деп уәде еткен.
2.Салиқалы әйел.Ол жайлы Алла «Фурқан» сүресінің 74-аятында:
«Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер!» - деген.
3.Кең үй.Бұл жайында бір хадисте Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!)«Алла тағалам, менің үйімді кең ете гөр!» - деген.
4.Жақсы кәсіп үйрену.Хадисте «Расында Алла жақсы және жақсы нәрселерді ғана қабыл етеді», - деген.
5.Адамдарға жақсы мінез-құлық пен махаббат сыйлау. Біреуге жақсылық жасау, досыңды қуанту–көңілге әрі жүрекке қуаныш сыйлайды.
6.Қарыздан таза болу және ақша жұмсағанда ысырап етпеу.Бұл жайлы Алла «Фурқан» сүресінің 67-аятында:
«Олар мал сарып қылғанда, ысырап та қылмай, сараңдық та істемей, орта жолда тұрады», - деген.
«Үміт сәулесі» кітабынан.
sunna.kz