Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти тарихи мұражайға барды

0 131

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

15 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz –Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған ресми сапары барысында Баянауыл ауданында орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұражайын аралады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы, асыл дінімізді насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан Мәшһүр Жүсіп ғұламаның рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Сонымен қатар еліміздің игілігі мен халқымыздың амандығы үшін дұға етті. Зиярат барысында Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан шалып, Жаратқаннан жұртымызды жұқпалы індеттен сақтауды сұрады.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.