Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Үйге кіретін несібе əйелдің қолында

0 222

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Баяғыда бір бағбаншы мен әйелі өмір сүрген екен. Олар бақшасында алма өсірумен айналысып күзде сатып, сол қаражатқа күн көрген. Бір күзде ер азаматы қатты ауырып, егін жиналмай қалады. Енді не істеу керек?деп екеуінің əбден басы қатады. Екеуі ойласа келе барлық шіріген алманы арбаға тиеп, базарға апарып сатпақшы болады.
Бағбан таң азанымен жолға шығады, ал əйелі оны сүйіспеншілікпен Алланың игілігі мен барлығы жақсы болады деп шығарып салады.
Жолда келе жатып бір саудагерге жолығады. Бағбанның шірік алмаға толы арбасын көріп, саудагер қайран қалып, былай дейді:
– Ей, ақымақ, сенің шірік алмаңды ешкім сатып аламайды!
– Иә, білемін, – дейді бағбаншы, амал қанша сату керек, əйтпесе əйеліміз екеуміз аштан өлеміз.
– “Қайта бер үйіңе сата алмайсың, əй сен бүгін əйеліңнен жақсылап таяқ жейтін болдың ғой “, – дейді саудагер қарқылдап күліп.
– О, олай демеңіз мен ол үшін алаңдамаймын. Менің әйелім алтын. Ол мені жақсы көреді және кез келген күйде қабылдайды.
– Олай болуы мүмкін емес! – дейді саудагер .
– Мүмкін менің əйелім алтын!
Сөз таластырып тұрған саудагер ашуланып кетіп бəстесейік дейді:
– Қəзір үйіңе барамыз, əйеліне менің көзімше мына шіріген алмалардың өтпей қалғанын айтасың. Егер əйелің ұрыспаса, бір қапшық алтын берем бір қыстан шығатын. Ал, егер ұрысып жанжал шығарса сен маған арбаң мен атыңды бересің дейді саудагер. Келістік?
– Келістік!
Бағбаншы мен саудагер үйге оралады.
– Әйелім , алма сатылмады биылғы қыс бізге ауыр болатын болды, – дейді бағбаншы .
– Менің қымбаттым, олай демеңіз, не айтып отырсыз? Ең бастысы сіз үйге аман есен оралдыңыз қасыңызда қонақ бар екен. Қарындарыңыз ашқан болар, қолдарыңызды жуып дастарханға жайғасыңыздар, – дейді əйелі күлімсіреп.
Шай қойып, қазан асып жүгіріп жүрген əйелге таң қалған саудагер бұның бəрін қойылым деп ойлайды.
Дастархан басында əңгімелесіп отырып, саудагер қайта-қайта шіріген алмалардың өтпей қалғанын қозғай береді .
-Қыста енді қалай өмір сүресіңдер, алмаларың өтпей қалды ғой?
Ал, бағбаншының əйелі : “Бəрі жақсы болады, дəл қəзір маңызды үйге келіп отырған қонақтың жағдайы, ішіп жеп отырыңыз! – дейді.
Біразға дейін саудагер əйелдің бетін ашпақшы болады, бірақ бəстен жеңілгенін түсініп, қалтасындағы бір қапшық алтынды шығарып былай дейді:
– Иә, бұл дүниеде көп нәрсені көрдім, бірақ мұндай алтын әйелді көрмедім. Міне, ақшаң бақытты өмір сүріңдер, мен жеңілдім деп мойындайды.

Ғибратты әңгіме ғаламтордан алынды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.