Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ерлі-зайыптыларды ұрыстыратын шайтан туралы

0 382

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Ібіліс шайтанның әскерлері көп. Олардың әрқайсысының өз міндеттері бар. Мәселен, намаз оқып тұрғанда адамды жаңылыстырып, шатастыратын жынның аты – “Хәнзәб”. Дәрет алған кезде түрлі күмәндарды ойға салып, уәсуәса тудыратын шайтанның аты – “Уәләһән”, т.б.

Бірақ, олардың ішінде Ібіліс малғұнға ең  сүйіктісі – ерлі-зайыптылардың арасын бұзып, ажырастыратыны екен (хадис. “Сахих Мүсілім”). Риуаяттарға қарағанда, ерлі-зайыптыларды бір-бірімен ұрыстырып, арада жанжал тудыратын шайтанның аты – “Дәәсим” екен.

Табиғин ғалым Мүжәһидтің сөзіне қарағанда Дәәсим – Ібіліс малғұнның балаларының бірі. Оның міндеті – үйде жанжал туғызу.

Мүжәһид былай дейді:

“…Дәәсим үйге отағасымен бірге кіріп, отбасындағы кейбір айып-кемшіілктерді оған көрсетеді де сол оған ашуланады” (Әбдірауф ал-Мәнәуи: Файдул Қадир Шархуль Жәмиғис сағир).

кейбір дерктерде хазреті Омарға (Ол кісіге Алла разы болсын)  тиесілі етілетін мынадай сөз келтіріледі:

“Ерлі-зайыптылар арасын бұзатын шайтанның аты – Дәәсим. Егер, кімде-кім үйіне сәлем бермей кірсе, ол да бірге кіріп, майда-шүйде нәрселерден жанжал шығарады”.

Үйге сәлем беріп кірудің маңыздылығын Алла Елшісі (Ол кісіге Алланың салауат, сәлемі болсын) де өз сөздерінде баяндаған. Сондай хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауат, сәлемі болсын) Әнәс ибн Мәлік деген сахабасына (Ол кісіге Алла разы болсын) былай дегені айтылады:

“Ей, ұлым! Отбасыңа кіргенде сәлем бер (әссәләмуғалейкүм де). Саған да, үй ішіңе де береке болады”, – деп кеңес еткен (Имам Термези: Сүнән. №2698 хадис).

“Иман” журналының 2020 жылғы 10-санынан алынды.

Sunna.kz

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.