Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

МЕДИА ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ

0 1  745

 

8 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Жаңа бас имам алда атқарылар іс-шаралардың жұмыс жоспарын талқылады, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңадан тағайындалған Хамзат Әділбеков мешіт имамдары, ұстаздарымен медиа-жоспар бойынша арнайы жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында мешітіміздің ресми сайты sunna.kz-тің жұмысын жандандыру, медиа контенттерді сапаландыру, жат ағымның алдын алу, сауат ашу, уағыз-насихат бағыттарында арнайы жобаларды қолға алу бойынша арнайы жасалған жоспарды талқылады. 

Бас имам бүгінгі таңдағы әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн жұмыстың өзектілігі мен өзіндік тиімді тұстарына тоқталып, мешіт сайтының жұмысын жандандыру, өз кезегінде жат ағымның алдын алу, уағыз-насихат жұмыстарының жандануы, халықтың дұрыс діни ақпараттармен қамтамасыз етілуінің маңыздылығын атап өтті.

Жиналысқа мешіттің наиб имамдары, ұстаздар, азаншылар, сайт қызметкерлері қатысып, жұмыс жоспарын бекітті.

Осыған орай бас имам Х. Әділбеков қызметкерлерге жекелеген бағыттар бойынша әрбір қызметкерге арнайы тапсырмалар жүктеді.   
 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.