Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт жаңа бастамаларды қолға алды (ФОТО)

0 1  353

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

31 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында бірқатар жаңа жобалар қолға алынды, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Әлемде қалыптасқан эпид.жағдайға байланысты ел мешіттеріндегі уағыз-насихат жұмыстарының да форматы өзгергені белгілі.

Осыған орай, елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті онлайн уағыз-насихат жұмысын жандандыру, жат ағымның алдын алып, халықты дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жаңа бастамаларды қолға алды. 

Айталық, мешттің youtube әлеуметтік желісіндегі sunna.kz каналында «Ғибратты қиссалар», «Дұға – мұсылманның қаруы», «Бабалар сөзі», «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өнегесі», «Облик мусульманина», «Сұрақ-жауап», «Ислам әдебі», «Құран сырлары», «Ғибадат және хикмет», «Ислам және отбасы» атты видео айдарлар ашылды. 

Бұл айдарларды мешітіміздің бас имамы, наиб имамдары мен ұстаздар жүргізіп отыратын болады.

Аталған айдарлар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әптаның бес күнінде әрі күні екі айдар жарияланып отыратын болады.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.