Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тағдыр

0 76

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Али (р.а.) былай дейді:

«Бірде біз Бақиул-ғарқад деген  жерде  болатынбыз.  Алла  елшісі  келіп,  біздің жанымызға  отырды.  Біз  де  ол  кісіні  қоршап  отыра қалдық.  Қолында  бір  ағаш  бұтағы  болатын.  Жерге сызықтар сыза бастады. Сосын: «Жаннат пен тозақта орны белгіленіп қоймаған ешбір адам жоқ, барлығының барар жері белгілі»– деді. Көпшілік: «Уа, Алланың елшісі!  Олай  болса  пешенемізге  жазылғанға  сеніп (ешқандай  іс-амал  жасамай)  жүрсек  болмай  ма?»  – деп сұрағанда,: «Амал етіңдер. Әрбір пенде тағдырда жазылғанына қол жеткізеді. Жаннаттықтар пейішке жетелейтін амалда табысты болады. Тозақтықтар тозаққа жетелейтін амалда табысты болады», – деді.

Бұдан кейін мына аятты оқыды:

وَالسَّمَاءِ وَمَا بَنَاهَا (5) وَالْأَرْضِ وَمَا طَحَاهَا (6) وَنَفْسٍ وَمَا سَوَّاهَا (7) فَأَلْهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقْوَاهَا (8) قَدْ أَفْلَحَ مَن زَكَّاهَا (9) وَقَدْ خَابَ مَن دَسَّاهَا (10)

«Ал енді әлдекім (Алла жолында мал-пұлын) берсе , тақуалық қылса, жақсылықты дұрыс деп білсе, сонда оның жолын оңайластырамыз. Ал енді кім сараңдық істесе, (Аллаға құлшылық етуді) еле-месе, жақсылықты өтірікке шығарса, сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз»[1].

Міне, осы аяттар бізге жаннат үшін күш-қайрат жұмсап, ниет етіп, осы жолға ұмтылғандарға, жаннат жолы жеңілдетілетінін, ал кімде-кім жамандықты қалап, тозақи амалдарға бейімдік көрсетіп, бар тапқанын сол жолда жұмсаса, барар жері де тозақ болатындығын айтуда.

Сондай-ақ  бір  хадисте  сахаба  Ұбаданың  бала-сына: «Балам,  сенің  басыңнан  өткен  барлық  істің болмауының мүмкін еместігін және болмаған істің болуының  мүмкін  еместігін  түсінбейінше,  сен  еш уақытта діннің (тәтті) дәмін тата алмайсың. Мен Пайғамбардың  (с.а.с.)  былай  деп  айтқанын  естідім:

«Алла  ең  бірінші  қаламды  жаратты.  Сосын  оған:

«Жаз!» деп әмір берді. Қалам: «Не жазайын?» – деп сұрады. Алла тағала: «Ақырет күніне дейін орын ала-тын нәрсенің бәрін жаз» деді». Балам, мен сондай-ақ

Пайғамбардың: «Кімде-кім осындай сеніммен өлмесе, ол менен емес», – дегенін естідім»,– дегені айтылады.

Сондықтан да болған нәрсеге «Алланың жазғаны солай шығар» деп сену ең дұрысы.

Құранда былай айтылады:

مَا أَصَابَ مِن مُّصِيبَةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي أَنفُسِكُمْ إِلَّا فِي كِتَابٍ مِّن قَبْلِ أَن نَّبْرَأَهَا ۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ

«Жер жүзіне, сондай-ақ сендерге қандай да бір бейнет  келетін  болса,  ол  жаратуымыздан  бұрын Кітапта (тағдыр кітабында) жазулы. Шындығында, бұл Алла үшін жеңіл»[2].

Басқа  келген  барлық  нәрсе  кенеттен  келмейді.

Сені айналып өткен нәрсе де қателесіп сырт айналған емес. Егер осы сенім жүрегіңе бекіген болса, басқа келген пәлекет – құрбандыққа, қиындық – шаттыққа айналмақ. Олай болса, ауру, кедейлік, өлім де сен үшін қайғы әкелмейді. Өйткені Алла тағдырда бәрін солай жазып қойған. Тағдырға жазылғанның нәтижесінде са-уап пен күнәнің кешірілуі бар. Басына келгенге сабыр сақтаушыларға және Алланың алғанына, бергеніне разы болғандарға қандай қуаныш!

Тағдырға толық иман келтірмейінше жүрегің ты-нышталып, жаның жай таппайды. Сенің басыңа келген нәрсе тағдыр кітабында жазылған. Сондықтан өзіңді қасіреттің  қараңғы  қапасына  қамама.  Ең  бастысы, өзіңе  жүктелген  міндетті  атқаруға  тырыс.  Мысалы, сенің бір міндетің – денсаулығыңды сақтап, салауат-ты өмір салтын ұстану. Бұл міндетіңді барынша ты-рысып атқарып жүрсең де ауырып қалсаң, демек осы ауру сенің тағдырыңа жазылған деп түсіну керек.

Ұлы Жаратушы Ие «Құлым басына ауру келгенде не істер екен» деп осы ауруды тағдырыма жазған деп ойлап, сабыр сақтай отырып міндетіңді атқаруыңды ары қарай жалғастыруың қажет. Басыңа осы аурудың келуімен сенің мойныңа тағы бір міндет жүктеледі. Ол – Аллаға тәуекел ете отырып, осы аурудан жазылудың жолдарын қарастырып, шамаң келгенше емделуге тырысу және еңбегіңнің нәтижесін Жаратқан Иеден күту.

Ашуға алдырмас бұрын тағдырға бойұсын, өкінішке қалмас үшін тағдырды мойында. Алла елшісі (с.а.с.) бір сөзінде:

فلا تَقُلْ لو أَنِّي فَعَلْتُ كانَ كَذَا وَكَذَا، وَلَكِنْ قُلْ قَدَرُ اللهِ وَما شَاءَ فَعَلَ

«Егер мен былай істесем, былай болатын еді» деме, «Алланың жазғаны осы және Алла өз қалағанын жасады деп айт» деген[3]. Олай болса қандай да бір іс болғаннан соң былай істеген басқаша болар еді деп өкіну орынсыз, ең маңыздысы шама жетсе екінші мәрте қайталамау. Атам қазақ та «Өткен іске өкінбе, жетпесті қума» деп даналық қалдырған.

«Үміт сәулесі» кітабынан алынды.

Sunna.kz

[1] «Ләйл» сүресі, 5-10-аяттар

[2] «Хадид» сүресі, 22-аят.

[3] Мүслим.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.