Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ: ҚАЖЫЛАРҒА ЕКПЕ САЛУ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАП

0 1  100

Сауд Арабия Корольдігі (САК) Қажылық министрлігінің талабына сәйкес, қажылыққа баруға өтініш білдірген Қазақстан азаматтарының менингококк инфекциясына қарсы екпе салдыруы – міндетті.

Қажыларға Менсевакс (ACWY) және Нименрикс (ACWY) вакциянасын егу шараларын тиісті лицензиясы бар отандық медициналық ұйымдар жүзеге асыруда.

Осы ретте ескеретін жайт: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ҚМДБ-ға жолдаған ресми мәліметі бойынша, менингококк инфекциясы елімізде профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізіміне (ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысы) кірмейді. Осыған орай, менингококк инфекциясына қарсы тегін екпе жасау шаралары (ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысы) қарастырылмаған.

Менингококк инфекциясына қарсы екпе салу шараларын еліміздегі тиісті лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүзеге асырады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ресми мәлімет бойынша, аталған медициналық орталықтар (қараңыз: төменде тізімде) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында орналасқан.

Жоғарыда ескеріліп кеткендей, менингококк инфекциясы елімізде профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізіміне енбегендіктен, аталған екпені салу шараларын еліміздегі тиісті лицензиясы бар жекелеген медициналық орталықтар ақылы негізде жүзеге асырады.

Осы ретте Қазақстан қажылық миссиясы қажыға баруға ниет білдірген азаматтар 2019 жылдың 15 мамырынан бастап тізімде көрсетілген медициналық орталықтар арқылы екпе салдыру міндетті екендігін хабарлайды.

Бұл – қажылардың денсаулығы үшін қабылданған шешім. Айта кетейік, жыл сайын Қазақстан қажылық миссиясы жанынан Мекке мен Мәдина қалаларында медициналық көмек көрсету орталығы ашылып, отандық тәжірибелі мамандар қажылардың денсаулығын жіті қадағалап келеді.

Медициналық орталықтардың тізімі мен мекен-жайы

 

Өңір Мед орталық атауы Мекен-жайы Телефон
1.  Атырау обл.  Open clinic ЖШС бөлімшесі Атырау қ, Студент 205 А    8 (7122) 276911, 8 (7122) 276677,  8 (701) 2060316-
2.  Жамбыл обл.   ZHANUYA емханасы Тараз, Пушкин көш, 41   8 (707) 2732959, 8 (7262) 458924, 8 (7262) 456524
3. Қарағанды  обл.  ПМСП ЖШС Қарағанды, Бульвар Мира  28   8 (747) 7747843
4.  Қарағанды  обл. ҚЕ №1 Қарағанды, Ипподромная    8   8 (700) 4413229
5.  Қарағанды  обл. ҚЕ №3 Қарағанды, Шахтер 78   8 (701) 1352530 (гл мс), 8 (7212) 334220
6.  Қарағанды обл. ҚЕ №6 Қызылорда, Қорқыт ата 73   8 (777) 3772320
7.  Маңғыстау обл. ҚЕ №1 Ақтау, 7 ша, 35 А   8 (777)       4272914,                                                                                                                                                     8 (701) 3818369
8.  Шымкент Қалалық жәрдем орталығы Ғ.Иляева, 51   8 (7252) 536585, 8 (701) 7602295
9.  Шымкент МЦДО Алдиярова 60    8 (7252) 391239
10.  Шымкент “Медикер-ЮК” ЖШС Нурсат ша, Арғынбеков 640 А   8 (771) 2625033
11.  Алматы Фармаком ЖШС Қарасай Батыр 30   8 (727) 2917965
12.  Алматы Фармаком ЖШС Бузурбаева 24   8 (727) 3824603
13.  Алматы International SOS Clinic Almaty  Луганский 11   8 (701) 7600445
14.  Алматы IMC медорталық Мұқанова 235   8 (727) 3786464
15.  Алматы IMC медорталық Гагарина 311 а   8 (702) 1766233, 8 (727) 3022088
16.  Алматы Медика Групп (Рахат медорталық)  Жетысу ша 3, 2а   8 (701) 7828031
17.  Нұр-Сұлтан “ЦМТИС” дәріханасы Е 495 №2   8 (7172) 273389, 8 (707) 1230805
18.  Нұр-Сұлтан Open clinic ЖШС бөлімшесі Отырар 8/2   8 (7172) 219571 (72,74,76), 8 (7172) 200482, 8 (701) 7814500
 

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.