Ардақты Алла Елшінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәулітіне орай ел мешіттері мен медреселерде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Осыған орай «Астана» медресесінің «Әлжан ана» мешіті жанында орналасқан қыздар бөлімінде Мәуліт кеші өтті.
Шараға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Медреседегі мәдени шараға ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлімінің бастығы Бейбіт Мырзагелдиев, «Әлжан» ана мешітінің бас имамы Әділхан Серікбай, «Астана» медресесінің директоры Ибраһим Сматаев, «Астана» медресесі директорының орынбасары Қанат Оңғарбаев қатарлы діни-руханият өкілдері де қатысты.
Мәуліт мерекесіне орай, шәкірттер дайындаған мәдени қойылымдар қойылып, рухани бағдарламалар көрсетілді. Шараның жоғары деңгейде өтуіне «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті жанындағы, мешіт ұстазы Әлия Аусағатова жетекшілік ететін Аналар мектебі атсалысты.
ummet.kz