Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бұны жасыру – үлкен ерлік

0 1  132

Сырды жасыра білу үлкен ерлік. Бірде шөл арабына сыр сақтасын деп 10 динар беріледі. Кейіннен ол қиналып, динарды иесіне қайтарып беріп, құпиясын ашатынын айтады. Себебі сырды жасыру беріктікті, сабырды және табандылықты қажет етеді.

Жақұп пайғамбар да баласы Юсуфқа көрген түсіңді ешкімге тіс жарып айтпа деген болатын. Өйткені ол түсінде 12 жұлдыз көріп өзінің келешекте ерекше адам болатындығын аңғарған еді. Егер ол жайлы бауырларына айтар болса, олар қызғаныштан зиян тигізуі мүмкін еді. «Юсуф» сүресінің 5-аятында: «Түсіңді туыстарыңа айтпа!» делінген. Өйткені адамның әлсіз тұсы сырды сақтай алмай, адамдарға ашуы. Адамның жаны сырды ашуға және хабарды жеткізуге қызығып тұрады.

Бұлардың бақыт тақырыбымен байланысы сол, егер адам сырды ашатын болса нәтижесінде соған өкініп, қайғырады.

Сырды  жасыру  жайлы  Жахыздың  өте  көркем әдеби ізденісі бар, қалаған адам оқып көрсе болады. Ал Құранда «Кәһф» сүресінің 19-аятында: «Сондай-ақ сыпайылық істеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін десті», – деген. Міне, бұның негізі сырды жасыру болып табылады. Бір оқымысты «Сырды жасырмағанның басы кетеді», -деген екен.

«Үміт сәулесі» кітабынан алынды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.