Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ислам – мейірімділік діні

0 1  027

Дініміз исламның негізгі мақсаты мен міндетінің бірі адамдар арасында адамгершілік пен мейірімділікті паш ету. Жер бетінде өмір сүріп жатқан адамдар әр-түрлі қоғам мүшелері және бұл қоғамның сансыз әдеттері мен ұстанымдары бар.

Міне осы барша қоғам үшін жіберілген дініміз исламның басты мақсаты адамдар арасында мейрімділікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті және пайдалы нәрселерге үгіттеу.

Адамдар арасында мейрімділіктің бұл өмірде және ақыретте пайдалары туралы айтылған Қасиетті кітібымыз Құран Кәрімнің «Һуд» сүресінің 119-аятында кең көлемді кеңестер мен әрмірлер берсе, «Жасия» сүресінің 13-аятында Алланың жаратқан пенделеріне (адамдарға) жасаған мейрімділігі туралы баяндала келе, жербетіндегі барлық жаратылысты адамдарға қызмет етуі үшін жаратқанын және жаратылған барлық нәрсе адамдардың қызметіне берілгенін айтады.

Сонымен қатар, дінімізисламныңмұсылмандарға міндеттеген әмірлерінің ішінде мейрімділікке қатысты көптеген әмірлерде,ата-анаға, туған-туысқа, көрші-қолаңға, қоршаған ортаға деген мейрімділікті үйреніп әрі үйретіп бұл жақсы амалды жүзеге асыру.

Дініміз исламның мейрімділікке қатысты әмірлері мен ұстанымдары Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.

Қорытындылайтын болсақ, Алланың мейірімі болмаса, бұл әлем жаратылмас еді, Алланың мейірімі болмаса пенделерінің жәннатқа кіруге мүмкіндігі азаяр еді, адамдар арасында мейірімділік болмаса қоғамда араздық пен ұрыс керіс, түсініспеушілік пен қатегездік жайлар еді.

Адамдардың бойында мейрімділік болмаса өмірге де ұстаным мен құлшыныс болмас еді, адам бойында мейірімділік болмаса бұл өмірдің мәнсі де болмас еді. Міне осы себептен де Алладан бойымыздағы мейірімділікті арттырсын деп дұға жасап қояйық. Әмин.

Азамат Ақтанов

«Әлжан ана» мешітінің имамы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.