Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тоқаев әлемге таралған жаман ауруға қатысты мәлімдеме жасады

0 1  095

12 науыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

“ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс”, – деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. “Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік”, – делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.