Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Ұлттық арнада ұлық айдың хикметі туралы сұхбат берді (ВИДЕО)

0 1  275

25 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан ұлттық арнасындағы “Ораза қабыл болсын” бағдарламасына қатысып, Рамазан айының қадірі мен қасиеті жайлы сұхбат берді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Тікелей эфирде өткен бағдарлама барысында Бас мүфти халықтан түскен сұрақтарға да жауап берді.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы көрермендерді қасиетті айда қайырымдылық шараларға үлес қосуға үндеді. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде үйде көбірек құлшылық етуге, жұқпалы індетке қарсы дұға жасауға шақырды.

Айта кетсек, Қазақстан ұлттық арнасындағы “Ораза қабыл болсын” бағдарламасы күн сайын тікелей эфирде көрсетілмек.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.