Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қоғамдық көліктер қашан жүре бастайды – Бас санитарлық дәрігер қаулысы

0 1  269

11 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Өңірлерде COVID-19-бен сырқаттанудың өсуі 7 күн ішінде 7 пайыздан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда қоғамдық көліктің жұмысы қайта басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бұл жайында ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойған ел халқын коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын одан ары күшейту туралы қаулысында айтылған.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлерде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7 пайыздан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер белгілеген қосымша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері (авиарейстер) арасында кіруге/шығуға рұқсат беруді, осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, шектеулермен қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауды қамтамасыз етсін», – делінген қаулыда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.