Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды.
Түзу қалам – қисайған, өткір қалам – мүжілген заман.
Өтте жүріп сабырлы болу – мақтанға сыймайды.
Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздену қажет.
Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады
Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт боп тіршілік қылып жүрмек емес.
Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!
Атадан келе жатқан мұра деп үй жиып, аяқ-табақ жиып, біреу түйе, біреу ат, біреу қой, біреу қозы, біреу лақ беріп, біреу аяқ, біреу табақ беріп, ата баласы жақсыға ас беретін қазақ рәсімі.
Біздің кемшілігіміз – әркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге апармай, соңындағыларға тастап кететіндігі.
Мәдени Еуропаң адамшылықты тастап, төрт аяқты бабасының өрісіне қаптап жөнелді.
Надан жұрт – мәдени жұрттың алдыңғы киіп тастаған ескісін кимек.
Закон – адам пайдасына жазылады, адам закон үшін тумайды ғой.
Би әділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды.
Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар!
Қазақ хандығы халық арасына ғылым таратып, жұртты ағартудың ретін білмесе де, өзінде дін бастықтары, діни мекемелері, мүфти, қазы, имам секілді рухани адамдары болушы еді.
“Қазақ надан, қазақ көшпелі, қазақ мәдениетсіз, қазақ жоғалып кетеді, бұған жер неге керек”,-деп оттаған дұшпан да бар.
Білімге – жақсы да, жаман да жоқ. Білім – алмас қанжар. Кім қолына алса, соның қолы, салып қалса, жақсы-жаманды айырмай, басты алып түседі.
Кассаның ақшасы – халық ақшасы. Кассаның ұстауы бойынша, бұл ақша беріледі кедейге екі тамаққа – ашаршылықта һәм ғайри қазақтарға жұттан һәм дерттен шаруасы күйзелсе. Бұл ақшаны бөтен жаққа ұстаған күнә. “Халыққа пайда қылам” деп халықты тонауға қол қойған құдыққа түкірмеңіз, мырзалар! Дәм атар! Халықты тонамаңыз.
Тіршілік ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбас, әдіс.
Айыр сөзде айып жоқ. Ақылға саңырау да айып.
Қазақ жұрт болатын болса, өз ішіндегі екі қазақ жер дауын құрту керек қой!
Бұрынғы билеушілердің көпшілігі, күш-қуатының барлығын өзара талас-тартыс пен қырқысқа сарп етті.
Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу – аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік.
Өз тізгініңді өзің алып жүре алмай, шатақ даудан шықпайтын бір ескі ауруың бар-ау, қазағым! Қылығыңды көріп ішім күйеді.
Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады.
“Алаш айтқан асыл сөз” кітабынан
sunna.kz