Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Адамды өрге тартатын іс

0 831

Абай атамыз: «шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де  бір  антұрғандық»  деп  қайғы  мұңға  түсіп,  іссіз, әрекетсіз жырақта қалуды, антұрғандық, ақымақтық деп сипаттаған.

Джордж Бернард Шоу былай дейді: «Бақытсыз-дықтың сыры – өткеніңде бақытты болдың ба, жоқ па деп ойлануыңда. Сен ол жайлы ойланбай ісіңе толықтай беріл, сол кезде қан айналымың жақсара түсіп, ойың жақсы жұмыс істейді де, жаңа өмір тез арада ойыңдағы қобалжу сезімін толастатады. Тоқтамай өз ісіңе берілген күйде алға жүре бер. Себебі бұл жер бетіндегі ең арзан әрі абзал ем». Арабтың кей даналары: «Өмір болмашы нәрсеге көңіл бөлу үшін өте қысқа» десе тағы бір ғалым: «Өмір – біз оны өшпенділікпен қысқартуымыздан да қысқа», – деген.

Америка тарихындағы, бәлкім, ең ұлы үнділік жауынгер болып саналатын капитан Джордж Курк өзінің қойын  дәптерінің  77-бетінде:  «Расында  үнділердің барлық  қобалжуы  мен  бақытсыздығы  сол  кездегі оқиғадан  емес,  керісінше  қиялдарының  себебінен, –  деген.  Шын  мәнінде  адам  көбінесе  алдағы  қауіп-қатерді көп ойлап, жүйке жүйесін тоздырып, шаршап, қайғырады, алда болатын жақсылықты еш ойламайды.

Алайда қазіргі жағдайы және бұрын да қаншама қиын жағдайлар басынан өткенін ойлап, мұның барлығы бір Алланың қолында деп тәуекел ету ең дұрысы. Егер пендеде,  Аллаға  деген  сенімі  аз  болса,  әр  нәрседен қорқу  туындай  берері  сөзсіз.  Алла  тағала  Құранда «Мұнафиқун» сүресінің 4-аятында: «…әрбір шыққан дауысты  өздеріне  жориды  (Өз  қылықтарынан үрейленеді)» деп  әрдайым  үрей  мен  қорқынышта жүретіндерді сипаттаған.

Медицина саласында Нобель сыйлығының иегері доктор  Алексис  Каррель:  «Расында  қорқынышпен күресе  алмайтын  кәсіпкерлер  ерте  қайтыс  бола-ды»  деген  екен.  Әрбір  нәрсе  тағдырға  байланысты, бірақ,  бұл  сөздің  мағынасы:  адамның  тұла  бойын құртып, денсаулығына зиян беретін бірден-бір себеп – қорқыныш десе дұрыс болады. Қайғы адамның ішіндегі жараны да қоздыратыны бар. Доктор Джозеф Монтано:

«Күйгелектік мәселелері» атты кітабында: «Адам өзі ішіп жүрген асына байланысты емес, керісінше, жегідей жеген уайымынан жараға душар болады» деген. «Лайф» журналының мәлімдемесіне сай бұл уытты бітеу жара адамды құртатын аурулардың ішінде оныншы орында

екен.

Доктор Эдуард Бодольскийдің «Қайғыны тастап, одан да жақсы іске кіріс» атты кітабының бөлімдерінің тақырыптары мынадай екен:

  • Қайғының жүрекке әсері
  • Қайғы қан қысымының көтерілуіне себеп
  • Қайғы-мұң ревматизм (буын аурулары) ауруын туғызуға себеп
  • Асқазаныңа жаның ашыса, мүлдем қайғырмауға тырыс
  • Қайғыру және қалқан безі
  • Қант ауруы мен қайғының байланысы.

Психикалық медицина саласының мамандарының бірі доктор Карл Манингер өзінің «Адам – өз-өзіне жау» атты кітабында былай дейді: «біздің денеміз бен ақылымызды қорқынышпен, қайғымен, өшпенділікпен, қастықпен және жек көрушілікпен құртамыз» деп таң қаларлық мағлұмат береді.

Франциядағы Бордо қаласының әкімі Монте былай дейді: «Мен сендердің мәселелеріңді бауырым мен өкпем арқылы емес, қолыммен шешуге тырысамын». Корнель университетіндегі медицина институтының докторы  Расал  Сесиль  шорбуын  (артрит)  ауруына әкеліп соғатын 4 себепті атап өткен. Олар:

  1. Отбасының шырқы бұзылуы;
  2. Материалдық жағдайдың қиындауы мен қайғы;
  3. Жекешелену және қобалжу;
  4. Жеккөрушілік пен ыза.

Доктор Уиллиам Марк Гаунгиль Американың сто-матологтар кеңесінде мынадай мағлұмат айтқан: «Ра-сында қорқыныш пен қобалжу секілді қайғылы, шерлі сезімдер денеге кальцийдің таралуына себеп болады. Ал ол өз кезегінде тістің құруына алып келеді».

Дэйл Карнеги: «Америкалық қара нәсілділер мен қытайлықтар қобалжудың себебінен болатын жүрек ау-руларына өте сирек ұшырайды. Себебі олар бастарына келген әрбір істі тыныш, байсалды түрде қабылдайды» деген.  «Әлемдегі  жойқын  5  аурудың  нәтижесінен қайтыс болатын адамдардың санынан америкалық өзін-өзі өлтірушілер (суицид) саны әлдеқайда көбірек», – деп қоса кетті. Бұл расында таңқаларлық шындық.Өйткені болашағына үмітсіз, қайғыға салынған адам өз-өзіне қол жұмсау, қиыншылықтан шығу жолы деп ойлайды.

Уиллиам Джеймс: «Ақиқатында Алла тағала біздің қателіктерімізді кешіреді, ал нерв жүйеміз ешқашан кешіре  алмайды»  деп  Алланың  мейірімдігін  ойлау маңызды екендігін айтқан. Ибн  Әл-Уазир  «Әл-ауасим  уа  қауасим»  атты кітабында: «Алланың мейірімділігін тілеу құл үшін үміт есігін ашады да, оған тағаттана құлшылық етуге күш береді және нәпіл амалдарды орындауда белсенділік

беріп, ізгі амалдарда жарысуға жігерлендіреді»,– де-ген. Расында кейбір жандар Алланың мейірімділігін, кешірімін, оған деген тәубесін, арманын, оған (Аллаға) жақын болуын, соның жолында ыждағаттануын еске алу және берік тұруы арқылы түзеледі.

Томас Эдисон: «Адам үшін ойдан қашып барып тығылатын ешбір құрал жоқ», – деген. Шындығында бұл тәжірибе расталған. Өйткені адам оқып-жазғанда міндетті түрде ойланады. Бірақ ойды реттеп, шектейтін нәрсе – салмақты, пайдалы амалдар, ал бос нәрсемен айналысатындар қиялшыл, жалған сөйлеушілер болып келеді.

Жаңылмайтын  жақ,  сүрінбейтін  тұяқ  жоқ болғандықтан, пенденің бойында қате-кемшілік, күнәға бой алдыру орын алып тұрады. Адам баласы періште емес. Сүрініп, шалынып жатқан осындай жағдайларда бойын  қайта  тіктеп,  тіршілігін  жалғастырудың мүмкіндігі жоқ па? Бар, әрине. Ислам діні адамдарға үміт сыйлайды. Құран аяттары мен пайғамбарымыздың хадистеріне  үңілсек,  бұл  пікірімізді  қуаттайтын көптеген хабар табамыз.

قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِن رَّحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ

«Мұхаммед, оларға былай де: “Әй, күнә жасау-да шектен шығып, өздеріне зиян еткен құлдарым! Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер. Ол күнәлардың барлығын кешіруші. Өйткені Ол тым жарылқаушы, өте мейірімді”» («Зүмәр» сүресі, 53-аят).

Алла  тағала  құлдарының  назарын  аударып, жүректерін қарату үшін астамшылыққа бой алдырғанкүнәһар  пенделердің  өзіне «Әй,  құлдарым» деп  тіл

қатуда. Үлкен күнә жасағандардың өзіне осылай на-зар аударса, Алланың басқаларға деген назары қандай болмақ?!  Сонымен  қатар  оларды  мейірімінен  үміт үзбеуге  шақырып  «Алланың  мейірімінен  күдер үзбеңдер» деп бұйырып тұр. Әрі Өзінің аса мейірімді әрі кешірімді екенін хабарлап, үлкен-кіші күнәлардың барлығын кешіретінін айтып сүйіншіледі. Осылайша Өзінің кемелдік сипат иесі екенін баршаға білдірді.Сондықтан үмітсіздікке иманды мұсылман емес шай-тан түсетіні белгілі.

«Үміт сәулесі» кітабынан алынды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.