Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бала тәрбиесінде ескеріңіз

0 1  806

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дейді дана халқымыз. Шындығында да ата-ананың тәрбиесі, өнегесі негізінде баланың ұстанымы мен дүниетанымы қалыптасады.

Адам ұғлының үлкенге ізетті, кішіге қамқор болмағы да баланың көргенділігіне байланысты.

Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында мынадай бір уақиға болған екен.

Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) асхаби кирамдардың топтасып тұрған кезде ортаға бір сауал тастады. Бұл сұраққа ешкім жауап бере қоймады сол жиында  хазреттер Әубәкір, Омар, Осман және Әли тағы басқа сахабалар (р.а.) бар еді.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сұрағының жауабын Омар баласы Абдулла (р.а.) білседе,  жауап бермей сабырлық танытты. Абдулланың (р.а.) тұла бойындағы сабырлық, парасатлық және әдептіліктің болуы ақиқат. Өйткені оның әкесі Ислам тарихындағы ерекше орны бар әділетпен аты мәшһүр хазрет Омар (р.а.) еді.

Абдулла (р.а.)  өзінің қасында мәшһүр сахабалар тұрғандықтан сұрақты біле тұра жауап бермей әдеп сақтады. Қойылған сұраққа жауап болмаған соң ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі жауабың айтады.

Мәжіліс тарап әркім өз шаруасымен кете бастайды, біраз кідіріп Абдулла (р.а.) Расулаллаға (с.ғ.с.) жақындап «Мен манағы сұрақтын жауабын білетің едім, үлкен сахабалар болған соң әдебтен озбай жауабымды іште сақтап қалдым» деп мұнайып қалды. Әрине бұл жағдай қаншалықты дұрыс-бұрыстығын білгісі келгендей Әз Пайғамбардың (с.ғ.с) нұрлы жүзіне қарап шешімін тосты. Жылы жүзімен күлімсіреп мүбәрак қолымен Абдулланың (р.а.) арқасынан сипай, өте жақсы әдепті іс істедің өйткені үлкенге құрмет мұсылманға тән қасиет және әкең Омардың (р.а.) берген жақсы тәрбиесі деп алғыс батасын беріп ықласын білдірді.

Ислам әдебінде үлкендерге кім екеніне қарамай құрметтеу  ,ілтипат жасау қамқорлық көрсету сауапты һәм  манызды шара.

Дана қазақ «Ата көрген оқ жонар….» әкенің тұла бойындағы қасиет, ананың омырауынан берген адал сүт осындай әрбір өнегелі істің басатауы болатыны ақиқат. Қазақтың «Жақсыдан жақсы туар» деген ұлағатты сөзі де осыған қаратылса керек.

«Адам өзі мың жасамайды. Ұрпағымен мың жасайды» деген нақыл сөз бар. Сондықтан әрбір балаға үлкен үміт артар алдын, қандай өнеге тәлім тәрбие бергенімізге назар салып қарауымыз қажет. Қазақтың «көргенді», «көргенсіз» деп сипаттауы ата-ананың балаға өнегелі тәбиені көрсетіп, ұрпағын ұлағаттылыққа баулыған, баулымағандығынан келіп шығады.

Рахматолла Байменов

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.