Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алладан жәрдем тілеудің жолы

0 1  749

Әлемдегі ай, күн, жұлдыз, ағаштар мен шөптер және басқа да барлық  жаратылыс Алла Тағаланы зікір етіп тұрады. Көкте самғап ұшқан қанаттылар да, тіпті тау мен тастар да өз тілінде Жаратқанға құлшылық жасайды. Ол туралы Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде былай дейді:

تُسَبِّحُ لَهُ السَّمَاوَاتُ السَّبْعُ وَالْأَرْضُ وَمَن فِيهِنَّ ۚ وَإِن مِّن شَيْءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ وَلَٰكِن لَّا تَفْقَهُونَ تَسْبِيحَهُمْ

«Жеті аспан мен жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Алланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар»[1].

Ал енді ғибадат түрлеріне келер болсақ. Ғалымдардың айтуы бойынша өсімдіктердің құлшылығы қиям түрінде, жан-жануарлардың ғибадаты рукуғ түрінде, жансыздардың ғибадаты жерге жығылған күйде, яғни сәжде қалпында болады екен. Аят пен хадисте баян етілгендей періштелердің кейбіреуі қиямда, кейбіреуі рукуғда, ал, бір бөлігі сәждеде, енді біреулері Алланы пәктеп дәріптеуде. Яғни, әрбіреуі өзіне жүктелген түрде ғибадатын жасауда.

Алла Тағаланың құлдарына Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) Исра кешінде сыйы етіп беген намаз ғибадаты адам баласынан басқа жаратылыстың құлшылықтарының барлық түрін қамтиды. Сол үшін момын мұсылман намаз оқыған кезде көктермен жердегі барлық жаратылыстың жасаған ғибадатын түгелдей орындап, сансыз сауапқа ие болады. Олай болса намаз Жаратушы Жаппар иеміздің құлдарына кішкене миғраж ретінде тарту еткен өлшеусіз сыйы.

Алла Тағала қасеитті Құран Кәрімде:

  وَاسْجُدْ وَاقْتَرِب

«Сәжде жасап, жақындай түс»[2] деп бұйырғанына қарағанда, момын-мұсылмандар намазбен Жаратушымыздың құзырына шығу нығметіне қол жеткізеді деуге болады. Сонымен қатар, Раббымыз Құранда бізге қалай дұға жасап өз қажеттерімізді сұраудыда былай баяндаған:

وَاسْتَعِينُوا بِالصَّبْرِ وَالصَّلَاةِ

«Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер» деген[3].  Яғни ғалымдарымыздың айтуы бойынша Алла Тағаланың барлық тыйғандарынан тыйылып, әмірлерін орындай отырып мұсылман баласы қажетін сұраса Алла Тағала дұғасын қабыл етеді деген. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) хадисінде өткендей егер Расулулла (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болғай!) қандайбір қыйындыққа тап болған кезінде намазға тұратыны туралы айтылады.

Олай болса Алла Тағаланың құранда «намаз оқы» деген әмірі біздерге намаздың парыз болғандығын білдірсе, ол әміріне құлақ асып күніне бес уақыт намаз оқу біздерге парыз болды. Егер осы әмірді орындамасақ  күнаһар боламыз. Ал енді сол әмірді орындасақ жоғарыда келтіргендей оның өлшеусіз сыйына ие болып, сонымен қатар Алланың разылығына бөленіп екі дүниеде бақытқа жеткен құлдарынан болатынымыз сөзсіз. Және Өзі уәде еткендей бұл дүниеде өзінен сұраған дұға, тілектеріміз қабыл болады екен. Сол сыяқты намаз оқитын құлына беретін екі дүниелік нығметі өлшеусіз.

Олай болса құрметті мұсылман ағайындар намаз оқу арқылы мойнымыздағы міндетімізді орындап Алланың шексіз сыйына бөленейік және Алланың берген нығыметінен құр қалмайық.

Серікбол ХАМАН

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы

[1] «Исра» сүресі, 44-аят.

[2] «Алақ» сүресі, 19-аят.

[3] «Бақара» сүресі, 45-аят.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.