Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітте әрлеу жұмыстары жүріп жатыр

0 2  290

1 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай тарихи мешітте әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Елордамыздағы тарихи мешіт болуымен ерекшеленеді. Арқа төсіндегі бүгінге жеткен мешіттердің бірі де осы мешіт. Ал, қаланың ел астанасына айналуынан кейін Елбасының тапсырмасымен мешіттің жаңа ғимараты тұрғызылып, сәулеті келісті жаңа құлшылық ордасы пайдалануға берілген болатын.
Міне, одан бері де ширек ғасырдай уақыт өтті. Бүгінде мешіт әлеу жұмыстарына мұқтаж. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, бас шаһардағы тарихи нысандардың бірі болған Ғылмани мешітінде жөндеу, әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Әрлеу жұмысы Байқоңыр аудандық әкімдік пен жергілікті азаматтар қаржылай көмек қолын созуының арқасында іске асып отыр.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.