Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әл-Азһар түлегі Қырғызстанның мүфти сайлауында жеңіске жетті

0 933

Мысыр астанасындағы әлемге әйгілі әрі аса беделді ислами оқу ордасының түлегі Зәмір Рақиев Қырғызстанның жоғарғы мүфтиі қызметіне сайланды. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді.

Әл-Азһар түлегі Зәмір Рақиевтен өзге бұл жауапты қызметке сайлауда сегіз адам бақ сынады. Ғұламалар кеңесі өткізген құрылтайға қатысқан 220 адамның бәрі Зәмір Рақиевтің кандидатын қолдаған. 43 жастағы Зәмір Рақиевтің мүфтиятта тәжірибесі мол маман: бас мүфти орынбасары, ҚМДБ білім беру бөлімінің меңгерушісі, Бішкек қаласының қазысы. Діни білімді елде және шетелде алған.

islam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.